25-0. Жанқош Тұраров жеңіліссіз сериясын жалғастырды
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Нұр-Сұлтандағы кеште жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz сайты.
31 жастағы Жанқош Тұраров мысырлық боксшы Абдумонем Саидты (22-1-1, 11 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен құтты.
Жаңқош Тұраров кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өткізіп, аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, WBO құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или