Дәулет Дәукенов өзбекстандық қарсыласын жеңді
Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегінде Қазақстан боксшысы өзбекстандық қарсыласын жеңді.
Өзбекстандық Эльдорбек Саидов пен қазақстандық Дәулет Дәукенов те 63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қос қарсылас та 6 раунд бойында асқан сақтықпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қазақстан боксшысы 79:73, 80:72, 80:73 есебімен жеңімпаз деп танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или