Жүкембаев Канададағы жеңісінен кейін бапкері мен промоутерге алғыс айтты
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті (28-10, 20 КО) жеңгеннен кейін қолдау білдіргендерге алғыс айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Бүгін қазақстандық Батыр Жүкембаев Канададағы Bell Centre аренасында Мартинесті 69 секундта нокаутпен жеңген болатын.
Твиттер желісіндегі парақшасында Жүкембаев іс-шара промоутері Ивон Мишель мен бапкері Стефан Ларушке алғыс айтты.
«Рақмет, Монреаль! Тағы бір жеңіс! GYM-дегі Ивон Мишельге берген мүмкіндігі мен менің бұрышымда тұратын Стефан Ларушке рақмет», — деп жазды Батыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или