Кузин төрт құрлық чемпионатында алтын медаль алды

Кузин төрт құрлық чемпионатында алтын медаль алды

Калгариде (Канада) өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында ерлер арасында 1000 метрге жарысу сыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағдарламаның бұл түрінен қазақстандық Денис Кузин алтын медаль алды. Ол аталған қашықтықты 1:08.633 уақытта жүгіріп өтті.

Үздік үштікке америкалық Остин Клеба (1:08.758) мен Тайбей спортшысы Вэй Лин Тай (1:09.195) енді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или