Жүкембаев мексикалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 20-жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20 КО) кездесті.
Монреаль (Канада) қаласында өткен кездесу алты раундқа жоспарланған, бірақ Жүкембаев қарсыласын мерзімінен бұрын (69-секундта) техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Бұл Жүкембаевтің кәсіпқой бокстағы 19-жеңісі. 29 мамырда Карсон қаласында (Калифорния, АҚШ) пуэрториколық Сабриэль Матиастен (17-1, 17 КО) жеңілген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или