Нұр-Сұлтандағы бокс кешінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Нұр-Сұлтанда ертең, 18 желтоқсанда өтетін бокс кешіне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.</span>
<span>Басты кард аясында Ангелина Лукас, Иван Дычко, Жанқош Тұраров, Ержан Залилов, Ескендір Харсан және Дәурен Елеусінов өнер көрсетеді.</span>
Ангелина Лукас (49,9 кг) - Светлана Василевская (Украина, 49,8 кг)
Дәурен Елеусінов (76,2 кг) - Али Маммадов (Әзербайжан, 76,1 кг)
Жанқош Тұраров (63,5 кг) - Абдумонем Саид (Египет, 63,5 кг)
Ержан Залилов (55,3 кг) - <span>Ескендір Харсан</span> (55,2 кг)
Иван Дычко (110,8 кг) - Александр Устинов (Ресей, 122,4 кг)