Жүкембаев Монреальда жекпе-жек өткізеді: Тікелей трансляция

Жүкембаев Монреальда жекпе-жек өткізеді: Тікелей трансляция

Нұр-Сұлтан уақытымен 18 желтоқсан таңертең қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) кәсіпқой рингтегі өзінің 20-жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20 КО) кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Кездесу Монреальдағы (Канада) Bell Center аренасында өтеді.

29 мамырда Карсон қаласында (Калифорния, АҚШ) пуэрториколық Сабриэль Матиастен (17-1, 17 КО) жеңілген Батыр осы жолғы жекпе-жегінде жеңісті жолға қайта түсуге тырысады.

Жүкембаев пен Мартинес жартылай ауыр салмақтағы WBC және IBF титулдары сарапқа салынатын ресейлік Артур Бетербиев пен америкалық Маркус Браун жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасады.

Монреальдан тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7:00-де басталады. Кешті мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или