Дмитрий Морозов төрт құрлық чемпионатында алтын медаль алды
Калгариде (Канада) өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында ерлер арасында 1500 метрге жарысу сыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бағдарламаның бұл түрінен қазақстандық Дмитрий Морозов алтын медаль алды. Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өтті. Үздік үштікке канадалық Тед-Джен Блумен (1:45.659) мен оңтүстік кореялық Ким Мин Сук (1:46.471) енді.
Тағы бір қазақстандық қатысушы Демьян Гаврилов 1:48,182 нәтижемен 7-орынға ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или