Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қоржынымыз тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

69 келіге дейін салмақта сынға түскен қазақстандық Татьяна Капустина «А» тобында топ жарды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ауыр атлетіміз 243 (110+133) келіні бағындырған. Жеңімпаз атану үшін осы нәтиже жеткілікті болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шыңғыс Сағындықов қола жүлдеге ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или