Геннадий Головкин туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты.

"Туған күніммен құттықтағандарға көп рахмет айтамын. Сіздердің құттықтауларыңыз мен үшін үлкен сый болды, әрі маңызды. Біз көптеген хаттар мен хабарламалар алдық. Біздің спортшыларға да видеоқұттықтаулары үшін көп рахмет айтамын. Қазақстандағы осыншама танымал спортшыларды бірге көргеніме қуаныштымын. Біз барлығымыз елімізді бүкіл әлемге таныту үшін тырысып жүрміз. Мен сіздердің жеңістеріңіз көп болсын деп тілеймін. Атаулы күні бізбен бірге болып, тілектеріңізді білдіргендеріңіз үшін барлығыңызға тағы да рахметімді айтамын. Сіздердің Геннадий Головкин», - деді ол.

Айта кетейік, 8 сәуір күні Головкин 33 жасқа келді. Головкинді туған күнімен Қазақстанның үздік спортшылары құттықтаған болатын.

BAQ.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или