Екатерина Айдова Олимпиаданың 3 лицензиясына ие болды
Қарағандылық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Калгари қаласында (Канада) өткен Әлем кубогының IV кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Спортшы үш олимпиадалық лицензияның иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Калгари жарысында Екатерина Айдова «В» тобында 500 м қашықтықта бірінші орын алды. «А» тобында 1000 м қашықтықта ол тоғызыншы орынға ие болды, 1500 метрде – 15-ші орын.
Қарағандылық спортшы 500 және 1000 метрге жүгіруден Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Әлем кубоктарының төрт кезеңінде өнер көрсету қорытындысы бойынша Екатерина Айдова 500, 1000, 1500 метр қашықтықта Бейжіңде (Қытай) XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға үш лицензия жеңіп алды. Планетаның басты жарыстары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.