Мырзағали Айтжанов: Бұл маусым расында қиын өтті

Мырзағали Айтжанов: Бұл маусым расында қиын өтті

Боксшы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов "Алтын самғау -2021" Ұлттық спорттық жүлдесінде "Үздік жаттықтырушы" аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген бапкер бұл маусымның спортшылар үшін оңайға соқпағанын айтты. 

«Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл маусым расында қиын өтті. Токионың өткені кеше ғана, алда Бейжің Олимпиадасы күтіп тұр. Екі жылдан соң Париждегі жазғы ойындар да қол бұлғайды.

Біз одан әрі еңбектеніп, жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Қазақстандық спортшыларға тек жеңіс тілеймін. Әлемдік жарыстарда еліміздің байрағын көтере берейік», - деді Айтжанов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или