«Арландар» кезекті жеңісіне қол жеткізді

«Арландар» кезекті жеңісіне қол жеткізді

«Astana Arlans» Бүкіләлемдік бокс сериясында «Puerto Rico Hurricanes» командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандықтар үшін кездесу сәтті басталған жоқ. 52 келіге дейін салмақта Олжас Сәттібаев Ситрон Хесостан жеңіліп қалды – 0:3 (47:48, 47:48, 47:48). Кейін Хрвое Сеп (81 кг) Жозеф Лабойяны қапы қалдырды – 3:0 (50:44, 50:44, 50:44). 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Зәкір Сафиуллин Росарио Хосені сенімді жеңді — 3:0 (49:45, 48:46, 48:46), ал Филип Хргович (+91 кг) екінші раундта Медина Хосе Габриельді нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, 69 келіге дейін салмақ дәрежесінде Данияр Елеусіновтің қарсыласы Никалаус Флаз денсаулығына байланысты жекпе-жекке шыға алмады.

Енді «арландар» келесі кездесуін 18 сәуірде Сан-Луисте «Argentina Conders» клубына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или