Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Екатерина Айдова А финалында алғашқы ондыққа енді

Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Екатерина Айдова А финалында алғашқы ондыққа енді

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесімен таныстырады.

А тобында 1000 метрге жүгіруден сынға түскен Екатерина Айдова 9-шы орын алды. Ол алтын жүлдегер атанған жапондық Нао Кодайрадан 1.23 секундқа қалып қойды.

Ал аталған қашықтық бойынша В тобында бақ сынаған Надежда Морозова төртінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или