О'Мэлли UFC 269 негізгі кардында Пайваны нокаутқа түсірді

О'Мэлли UFC 269 негізгі кардында Пайваны нокаутқа түсірді

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 269 турнирінің басты карды америкалық Шон О'Мэлли мен бразилиялық Раулиан Пайва арасындағы жеңіл салмақтағы жекпе-жекпен ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундтың соңында америкалық файтер қарсыласына оң қолымен соққы бағыттап, есеңгіретіп жіберді. О'Мэлли шабуылын жалғастырды, ал төреші Джейсон Херцог жекпе-жекті тоқтатып, 4:42 шамасында америкалықтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.

О'Мэлли үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 15-ші жеңіс болды (оның UFC-дегі рекорды – 7 жеңіс және 1 жеңіліс). Пайваның кәсіби рекордында қазір 21 жеңіс және 4 жеңіліс бар (соның ішінде UFC-де 3 жеңіс және 3 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или