Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов шаңырақ көтерді
Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов үйленді.
Түркістандық талантты боксшының таңдауы Назира есімді сұлуға түсіпті. Ол - Ордабасы ауданына қарасты Амакелді ауылының тумасы.
«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын», - дейді Сәкен Бибосынов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или