Нұртас Әжбенов титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

Нұртас Әжбенов титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (11-1, 4КО) Алматыдағы MTK Global кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кеште ол тәжік спортшысы Шерали Достиевпен (9-1-1, 2 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұртас Әжбенов мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, жеңіл салмақтағы UBO белбеуін иемденді.

Айта кетейік, кейінге кездесуінде Нұртас Әжбенов алғаш рет жеңілген еді. Ол ресейлік боксшы Иса Чаниевтен нокаутпен ұтылып, WBC ABC Continental белбеуінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или