Еділ Қожамбердиев қарсыласын нокаутқа түсіріп, титул иеленді

Еділ Қожамбердиев қарсыласын нокаутқа түсіріп, титул иеленді

Бүгін, 11 желтоқсанда, Алматыда МТК компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Еділ Қожамбердиев (10-2, 10 КО) UBO Inter-Continental титулы үшін өткен жекпе-жекте түркиялық Хамза Гюнешпен (6-0, 4 КО) кездесті.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарлған. Алайда кездесу бірінші раундта аяқталды - Қожамбердиев қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, UBO Inter-Continental титулын иеленді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или