Сочи Олимпиадасы ақталмады

Ресейдің Есеп палатасы 2014 жылы өткен Сочи Олимпиадасына кеткен шығын мен тапқан табыстың сомасын жариялады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Сочиде өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарына барлығы 324,9 миллиард рубль жұмсалған. Бұл шығынға жаңа спорт нысандарын салу, уақытша инфрақұрылымдар мен Ойынның өзін өткізуге кеткен қаржы енген.

Барлық шығынның 221 миллиарды жеке инвестиция болса, 103,3 миллиард рубль федералды бюджет есебінен бөлінген. Шамамен 600 миллион рубль Краснодар аймағы мен Сочи қаласының бюджетінен жұмсалған.

Ал дүбірлі додадан тапқан табыс көлемі 85,4 миллиард рубльді құрайды. Бұл алдын ала болжанған межеден екі есе көп. Мамандардың айтуынша, негізгі табыс көзі ұлттық маркетингтік серіктестердің септігінен жүзеге асқан. Аталған XXII қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпан аралығында өткенін айта кетейік

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или