Алматыдағы OCTAGON 26 турнирінің тікелей трансляциясы
Prosports.kz назарларыңызға OCTAGON лигасы мен ресейлік Gorilla MMA Series промоушні бірлесіп өткізетін OCTAGON 26 турнирінің тікелей трансляциясын ұсынады. Турнир Алматы қаласында өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Нұржан Ақышев (11-4) ресейлік тәжірибелі файтер Константин Чередниченкомен (11-9) кездеседі. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ (65.8 кг) дәрежесінде өтеді.
Сондай-ақ кештің басты кардында қазақстандық файтер Азат Мақсұм (13-0) қырғызстандық Азамат Қарабековке (8-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде (56,7 келі) өтеді.
Турнирдің ресми серіктестері - TURAN табиғи суы және 1XBET букмекерлік компаниясы.
Турнирдің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан, сондай-ақ Qazsport телеарнасынан көруге болады.
