Әли Ахмедов мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешіне қатысты.
Ахмедовтың қарсыласы мексикалық Пол Валенсуэла болды.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, бірінші кезеңде аяқталды. Бірқатар соққылардан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, қазақстандық үшін бұл кәсіпқойдағы 18-ші жеңісі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или