Фируза Шарипованың сөзсіз әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін ирландиялық Кэти Тейлормен (19-0, 6 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, Тейлордың WBA, WBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулері бәске тігіледі.
Фируза Шарипова соңғы рет 2021 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, екінші раундта ресейлік Любовь Белякованы техникалық нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек Ливерпульде (Ұлыбритания) өтеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 03:00-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или