Алматыда өтетін бокс кешінің тікелей трансляциясы

Алматыда өтетін бокс кешінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 11 желтоқсанда Алматыда МТК компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен британиялық Стивен Уорд (13-1, 4 КО) кездеседі. Бұл кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулы сарапқа салынады.

Сондай-ақ, бұл кеште Сұлтан Зәуірбек, Талғат Шәйкен, Рай Сейітжанов секілді боксшылар өнер көрсеиеді.

Зәуірбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European беобеуі үшін британиялық Райан Уилермен жұдырықтасады. Талғат Шайкен жартылай орта салмақтағы WBC Youth World титулы үшін Украина өкілі Владимир Гордиенкомен кездеседі.

Турнирде тағы бірқатар қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Турнирдің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен15:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или