Тәуекел Мүслім «Өнер барысына» не үшін қатысатынын айтты
Алматыда өнер жұлдыздары арасында өтетін қазақ күресінен «Өнер барысы» турниріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жоба қатысушысы, актер Тәуекел Мүслім жарыста не үшін бақ сынағысы келетінін айтты.
- Бала кезден спортпен шұғылдандым: таеквондо, күрес, жүзу, футбол дегендей. Арманым футболшы болу еді. Спортты жақсы көремін. Қандай да бір жетістікке жетсем деген едім. Сондықтан «Өнер барысына» қатысуды шештім. Өткен жолы чемпиондық белбеуді иемдендім, - дейді актер.
Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ бойынша өтеді. Жүлде қоры: 16 млн теңге
Қатысушылар: Медет Жанабай, Артур Толепов, Азимжан Сайдбаев, Қайрат Мырзахан, Асылхан Төлепов, Азат Жұмаділ, Талғат Мықи, Асхат Нурмашев, Бейбит Көшқалиев, Аян Өтепберген, Арман Қоңыр, Рустем Жанаманов, Мұхтар Ниязов, Дәулет Бижанов, Әділет Рахметолла, Құрал Молжанов, Ғалым Махамбет, Еркебұлан Дайыров, Мейіржан Төребаев, Мансар Орынхан, Әділжан Омаров, Есентай Ниязбаев Шаһаризат Сейдахмет, Тәуекел Мүсілім, Қанат Әлжаппаров, Олжас Сүлейманов.
Фото: Темірлан Насыров