«Братислава» – «Айсұлу» матчы карантинге байланысты шегерілді

«Братислава» – «Айсұлу» матчы карантинге байланысты шегерілді

Еуропа әйелдер хоккей лигасы (EWHL) тұрақты чемпионатындағы словакиялық «Братислава» мен алматылық «Айсұлу» матчы Словакияда карантин енгізілуіне байланысты келесі жылға шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz қазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан чемпиондары күнтізбелік жылды EWHL турнир кестесінде бірінші орынмен аяқтады, 12 матчта 29 ұпай жинады. Алматылықтардың Еуропаға сапары алдағы жылдың наурызына жоспарланған.

Оған дейін «Айсұлу» хоккейшілері республикалық қысқы Спартакиада мен Қазақстан чемпионатының 2-турына қатысады.

Фото vk.com/whc_aisulu

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или