Сәкен Бибосынов өзін Головкинмен және Майк Тайсонмен салыстырды
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов YouTube желісіндегі «Қызық Live» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама аясында спортшы бокспен қалай айналысқанын және басқа да көптеген жайттар туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Соққысының күші туралы
- Әрине, менің соққымның ауырлығын, мысалы, Головкин немесе Майк Тайсонмен салыстыруға болмайды, бұл көбіне салмақ санатындағы айырмашылыққа байланысты. Егер сіз рингке қарсыласыңызды «құлату» мақсатымен кірсеңіз, көп жағдайда бұл нәтиже бермейді.
Боксқа қалай келгені туралы
– Боксқа алып келген, бокс әліппесін үйреткен де туған ағам. Ағам боксшы болғандықтан, боксты өз үйімнен бастадым.
2013 жылы Қазақстанға келдім. Қазақ елінің атынан шығып, әнұранын шырқатайын, көк байрағын көкте қалқытайын деп өз отаныма оралып, осындай жетістіктерге жетіп жатырмын.