Ақтаулық теннисші ITTF World Hopes Week & Challenge турнирінде Қазақстан намысын қорғайды

Ақтаулық теннисші ITTF World Hopes Week & Challenge турнирінде Қазақстан намысын қорғайды

8-14 желтоқсан күндері Иордаияның Амман қаласында үстел теннисінен ITTF World Hopes Week & Challenge турнирі өтеді. Аталған сынға әлемнің әр түкпірінен жас таланттар жиналады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бағдарлама аясында 20 ер бала мен 20 қыз бала бақ сынайды. Оларға Ева Джелер (Австралия), Золтан Баторфи (Венгрия), Пачинте Осман (Египет), Матильда Экхольм (Швеция), Ахмед Аль-Моханнади (Катар) сынды тәжірибелі бапкерлер бас-көз болып, ақыл-кеңестерін үйретеді. 

Сондай-ақ, жарыс нәтижесінде талантты спортшыларды таңдап, ITTF Hopes командасын жасақтайды. 

Аталған сында Қазақстан намысын 12 жасар ақтаулық спортшы Аққу Темірханова қорғайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или