Қоңқабаев - Уорд: Алматыдағы бокс кешінің толық карды жарияланды

Қоңқабаев - Уорд: Алматыдағы бокс кешінің толық карды жарияланды

MTK Kazakhstan мен MTK Global ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кешінің толық карды жарияланды. Турнир 11 желтоқсанда Алматыда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты бәсекесінде Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) ұлыбританиялық Стивен Уордқа (13-1, 4 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесуде бірінші ауыр салмақтағы WBF Gold титулы сарапқа салынады.

Негізгі кард жекпе-жектері:

Сұлтан Заурбек (Қазақстан, 11-0, 7 КО) - Райан Уилер (Ұлыбритания, 16-1-1), екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы титулы үшін жекпе-жек.

Талғат Шәйкен (Қазақстан, 6-0, 4 КО) - Владимир Гордиенко (Украина, 9-3, 4 КО), жартылай орта салмақтағы WBC Youth World чемпионы титулы үшін жекпе-жек.

Рай Сейітжанов (Қазақстан, 8-0, 5 КО) - Мансур Абдумаматов (Өзбекстан, 6-4, 1 КО), бірінші жартылай орта салмақ.

Хуршид Тажибаев (Өзбекстан, 5-0, 3 КО) - Павел Маликов (Ресей, 16-4-1, 6 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ.

Прелим:

Нұрдос Төлебай (Қазақстан, 7-0, 5 КО) - Надир Бакшиев (Беларусь, 7-13), бірінші жартылай орта салмақ.

Рахат Сейтжан (Қазақстан, 7-0, 4 КО) - Мухаммадсалим Сотволдиев (Өзбекстан, 7-4-2, 3 КО), бірінші жартылай орта салмақ.

Айдос Медет (Казахстан, 8-0, 6 КО) - Бахыт Абдурахимов (Өзбекстан, 10-16, 4 КО), жартылай жеңіл салмақ.

Нуртас Ажбенов (Қазақстан, 11-1, 4 КО) - Шерали Достиев (Тәжікстан, 9-1-1, 2 КО), жеңіл салмақ.

Еділ Қожамбердиев (Қазақстан, 10-2, 10 КО) - Хамза Гюнеш (Түркия, 6-0, 4 КО), бірінші ауыр салмақтағы UBO Inter-Continental чемпионы титулы үшін жекпе-жек.

Нұрбол Сұлтанбай (6-1, 3 КО) - Әділет Дәмешов (4-1, 3 КО), жартылай орта салмақ.

Бектас Қасенай (К7-1, 2 КО) - Алдияр Аманжолов (2-1, 1 КО), екінші жартылай жеңіл салмақтағы Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек.

Дилшат Нұрым (2-0, 1 КО) - Наурызғали Нұрмұхаметов (1-0, 1 КО), жартылай орта салмақтағы Қазақстан чемпионы атағы үшін жекпе-жек.

Рахат Махамбетсаилов (Қазақстан, 1-4, 0 КО) - Джордан Перкисс (Ұлыбритания, 1-0, 0 КО), аса жеңіл салмақ.

Әлішер Нұртазин (Қазақстан, 3-3, 1 КО) - Бузург Илсанов (Тәжікстан, дебют). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или