Әйелдер боксынан бас бапкер ел чемпионаты қарсаңында ойымен бөлісті

Әйелдер боксынан бас бапкер ел чемпионаты қарсаңында ойымен бөлісті

8-12 желтоқсан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтеді. Осы орайда, команда бас бапкері Шамиль Сафиуллин сұхбат берді деп жазады Olympic.kz.

«Щучинскідегі жарыста наурыз айында өтетін әлем біріншілігіне аттанатын негізгі құрамды анықтаймыз. Жыл сайын жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бұл алдағы буын ауысу кезеңінде жақсы әсер етері сөзсіз. Жастардың бәрі де жеңіск құштар, өз мүмкіндіктерін күтіп отыр. Меніңше, жас спортшылар ел үздіктеріне бәсекелестік таныта алады. Өйткені, еліміздегі бәсекелестік деңгейі айтарлықтай жоғары.

Осы орайда, Ұлттық Олимпиадалық комитет пен бокс федерациясының еңбегін жоғары бағалаймын. Боксшыларымыздың жалақысы да жақсы. Мұның бәрі үлкен роль ойнайды. Біздің алдымызда тек ел намысын абыроймен қорғау мақсаты тұр», - деді бас бапкер

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или