Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды

Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (17-1, 13 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, жекпе-жек 10 желтоқсанда Монтебелло қаласында (Калифорния, АҚШ) өтеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Пауль Валенсуэла (26-10, 17 КО) болады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Әли Ахмедов кейінгі жекпе-жегінде перулік Давид Сегарруды (34-6, 21 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или