«Спорттың сұлулығы осыда». Игита «Қайраттың» Чемпиондар лигасымен қоштасуына қатысты пікір білдірді
Алматылық «Қайрат» АФК қақпашысы және капитаны Игита УЕФА Чемпиондар Лигасы элиталық кезеңінде ресейлік «Тюменьге» қарсы матчта жеңілгеннен кейін көңілі түскенін жасырмады, алайда ол өз командасының болашақ жарыстарда табысқа жете алатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жеңіске жету керек матчта жеңіліп қалған қиын. Бірақ спорттың сұлулығы осыда, ол сізге еңбек етіп, оған қол жеткізгіңіз келген кезде қайтадан биікке көтерілуге мүмкіндік береді. Енді Чемпиондар лигасына оралу үшін ел чемпионы үшін күреспекпіз. Бізді қолдап, жағымды энергия бергендеріңізге рақмет. Біз күштірек болып ораламыз», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2-5 желтоқсан аралығында Түменде өткен Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің А тобындағы турнирде «Қайрат» АФК беларусьтік «Витейнді» жеңіп (3:2), француздық Аньерс-Вильневпен (3:3) тең ойнап және ресейлік Түменнен ұтылып (2:3) қалған болатын. 4 ұпай жинаған алматылықтар үшінші орын алып, төрттік финалға өте алмады.