Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады

Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсеке 7-12 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Ел біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионатты түйіндейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или