Конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңі. Қазақстандық үш спортшы 1000 метрге жүгіруден жеке рекордын орнатты
Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің ерлер арасында 1000 метрге жарыстың В дивизионы өтті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Бұл жарыста қазақстандық төрт спортшы сынға түсті. Иван Аржанников 1:07.820 уақытымен 10-орын алды, ол жеке рекордын жаңартты. Ал Денис Кузин (1:08.301) 16-орын иеленді.
Александр Клещенко (1:08.403) мен Дмитрий Морозов (1:08.657) та жеке рекордын жаңартып, тиісінше, 19 және 25-орын алды.
Фото isu.org
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или