«Жеңіске лайық болды». «Қайрат» АФК бас бапкері «Тюменьге» қарсы матчты қорытындылады
«Қайрат» АФК бас бапкері Пауло Рикардо Кака УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің үшінші турындағы «Тюменьге» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ресейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Менің ойымша, бүгін шиеленісті сәттерде қарқынды ұстап тұруға күшіміз жетпеді. Жалпы ойын тең болды, бірақ бір сәттерде алма-кезек басымдық таныттық. Мұнда бәрін соғылған гол факторы шешті, «Тюмень» гол соға алды. Сол кезде күшіміз жетпеген шығар. «Тюмень» бұл жеңіске лайық болды деп айта аламын. Команда үшінші кездесуге жақсы және толық құраммен шықты. Бүгін спорт кешенінде керемет атмосфера болды, біз бүгін жанкүйерлер үшін нағыз футзал мерекесін жасадық», - деді Кака.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или