Қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге конькимен жүгіруден жеке рекордын жаңартты

Қазақстандық Надежда Морозова 1500 метрге конькимен жүгіруден жеке рекордын жаңартты

Қазақстандық Надежда Морозова Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңіндегі 1500 метрге жүгіруде 9-орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Морозова 1:52.503 уақытта жүгіріп, жеке рекордын жаңартты.

Айта кетейік, бұл жарыста жапониялық Мико Тахаги (1:49.990) топ жарды. Екінші орынды тағы бір жапон спортшысы Аяно Сато, үшінші орынды Антуаннета Де Йонг (Нидерланды) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или