«Қайрат» «Футбол достық үшін» турниріне жолдама алды

«Қайрат» «Футбол достық үшін» турниріне жолдама алды

Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» Академиясында «Футбол достық үшін» атты халықаралық жобаға байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл турнирді Чемпиондар Лигасының ресми серіктесі «Газпром» компаниясы «Газпром балалар үшін» атты халықтық бағдарлама аясында ұйымдастырып отыр. «Қайрат» U-15 құрамасымен қатар бұл жарысқа Австрия, Белорусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қытай, Голландия, Польша, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария және Жапония елдерінен келген командалар да күш сынаспақ.

«Жобаның басты мақсаттарының бірі – балалар футболын дамыту, жасөспірімдер спортының қарыштауы және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Қазақстанның бұл жобаға қатысуына қуаныштымыз. Үшінші халықаралық «Футбол достық үшін» балалар форумы маусымның 4-і мен 7-сі аралығында Берлинде өтеді. Әр елден келген 24 команда күш сынаспақ. Форум әдеттегідей, барлық қатысушылардың УЕФА Чемпиондар Лигасы финалын тамашалаумен аяқталады», деді «Гарпром» компаниясының өкілі Иван Андриянов.

- Осындай ірі халықаралық турнирге қатысу «Қайрат» клубы үшін үлкен жетістік, - дейді «Қайрат» футбол клубы қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев. – Бұл жоба жасөспірімдердің өмірінде ең бір елеулі, естен кетпес оқиға болып қалады деп ойлаймыз. «Футбол достық үшін» атты халықтық жоба «Қайраттың» да дамуына өз септігін тигізеді. Біз үшін жастарды тек кәсіби футболшы ғана емес, еліміздің адал азаматтыры етіп тәрбиелеп шығару өте маңызды. Турнирдің достық, теңдік, әділдік, бейбітшілік, шынайылық, жеңіс және дәстүр секілді барлық құндылықтарын бағалаймыз. Қазақстанның мұндай шараға қатысуы еліміздегі жасөспірімдер футболының дамуына өз септігін тигізеріне сенімім мол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или