Ақтөбе стадионында жаңа төсеніш

Маусым айының басында Ақтөбедегі «Орталық алаңның» төсеніші жаңартылады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл жайында стадионның директоры Қажымұқан Демеуов diapozon.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

- Жаңа төсеніш қай уақытта дайын болады? «Орталық алаңда» ойын қашан өтеді?

- Сәуірдің аяғына дейін алаңның дренаждық жұмыстарымен айналысамыз. Мәскеуліктермен бірігіп жұмыс істейміз. Олар алаңды суландырумен айналысады. Подмосковьедегі төсеніш дайын болып қалды. Мамыр айында әкеледі. Ал маусымның басында, «Астанаға» қарсы ойында төсеніш толықтай дайын болады.

- Бұл жұмыстарға қанша қаражат бөлінді?

- 78 миллион, нақтырақ айтсақ 77 797 000 теңге. 65 миллион құрылыс материалдарына, қалғандары салық және де басқа да ұсақ-түйектерге жұмсалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или