Павел Колмаков әлем кубогында жүлде алған сәтінен видео
Қазақстандық Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фристайл-могулдан әлем кубогының алғашқы кезеңі Финляндияның Рика қаласында өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы сын бойынша Қазақстан құрамасы бір жүлдемен толықты. Павел Колмаков финалда 82.10 ұпай жинап, жарысты екінші болып аяқтады.
Канадалық Майкл Кингсбери топ жарса, жапониялық Юкима Хоришима үздік үштікті қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или