Дмитрий Морозов әлем кубогы кезеңінің В дивизионында 23-орынға ие болды

Дмитрий Морозов әлем кубогы кезеңінің В дивизионында 23-орынға ие болды

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) конькимен жүгіруден әлем кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Дмитрий Морозов В дивизионында 5000 метрге жүгіруде 6:23.960 секунд көрсетіп, 23-орынға ие болды. Виталий Щиголев 26-орын (6: 27.141), Бақдәуле Сағадатов - 27-орын (6: 29.372), Максим Баклашкин - 28-орынға (6: 29.516) болды.

Жарыста ресейлік Сергей Трофимов (6:08.468) жеңіске жетті. Екінші орында Ресейдің тағы бір өкілі Егор Юнин (6: 10,659). Америкалық Дайсон Кейси (6: 10,803) мәреге үшінші болып жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или