Чемпиондар лигасы. «Қайраттың» топтағы жағдайы қалай?

Чемпиондар лигасы. «Қайраттың» топтағы жағдайы қалай?

Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің екінші турында ресейлік «Тюмень» Беларусьтің «Витэн» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч ресейлік команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Осылайша А тобында 6 ұпаймен «Тюмень» көш бастады. Ал франциялық «Аньер-Вильнев» командасымен тең түскен «Қайрат» АФК 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Енді «Қайрат» «Төрттік финалына» шығу үшін үшінші турда жексенбіде алаң иесі «Тюменьді» жеңуі қажет. Әр топтан тек жеңімпаз келесі кезеңге шығады. Сондықтан бәрі алматылықтардың қолында.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или