Головкин – Мурата жекпе-жегінің не себепті өтпейтіні белгілі болды
Жапониялық басылымдар Риота Мурата мен қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектің не себепті кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты.
«Головкиннің лагері әлемдегі коронавирус жағдайының күрт нашарлауына байланысты Жапония үкіметінің шетелдіктерді кіргізбеуіне байланысты шектеуінен соң оң жауап ала алмады. Головкиннің командасына Жапонияға келуге рұқсат қағазын жақын уақытта қарастырмайтыны айтылған», — деп жазады жергілікті басылымдар.
Головкин – Мурата жекпе-жегі 29 желтоқсанға жоспарланған болатын, алайда жаңа ақпарат бойынша 2022 жылы көктемде өтуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или