Қоңқабаев титулды жекпе-жегіне дайындығын қорытындылады

Қоңқабаев титулды жекпе-жегіне дайындығын қорытындылады

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлыбританиялық Стивен Уордқа қарсы жекпе-жегіне дайындығын қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Осымен Мәскеу қаласындағы дайындығымыз өз мәресіне жетті.Бүгін ақырғы спарринг болды. Бұйырса алдымдағы өткізгелі тұрған жауапты жекпе-жегіме жоғарғы деңгейде дайындалуыма себепші болған @bupas_gym_club командасына,спарринг серіктестеріме және осы жекпе-жекке дайындап жатқан @bupascoach жаттықтарушыма алғысымды білдіргім келеді», — деп жазды Қоңқабаев Instagram-да.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс шоуы аясында тағы бірқатар отандық және шетелдік боксшылар шаршы алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или