«Оралуыңмен, чемпион!». Фируза Шарипова Қазақстан тумасына жеңіс тіледі
Үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова жекпе-жек алдында Кристина Хаммерді қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі M13 баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кристина Хаммерге Даниэль Бастьериге қарсы жекпе-жекте жеңіс тілеймін. Оралуыңмен, чемпион!», - деп жазды Фируза Instagram парақшасында.
Кристина Хаммер мен Даниэль Бастьери арасындағы жекпе-жек 3 желтоқсанда Ильзенбургте (Германия) өтеді. Кристина Қазақстанда дүниеге келген, бірақ ұзақ уақыттан бері Германияда тұрып жатыр және сол елдің намысын қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или