Головкин Муратамен жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне қатысты пікір білдірді

Головкин Муратамен жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне қатысты пікір білдірді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 29 желтоқсанда Сайтамада өтеді деп жоспарланған Риота Муратаға қарсы жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне өкініш білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Жапониядағы жекпе-жектің кейінге қалдырылғанына қынжылып отырмын, бірақ адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болуы керек. Рингке мүмкіндігінше тезірек оралуға асықпын. Абай болыңыз!» – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Головкин - Мурата жекпе-жегі <span>Жапонияда коронавирустың Omicron штаммын жұқтырған адамдар анықталуына байланысты кейінге шегерілді. Күншығыс еліне </span>29 қарашадан бастап шетел азаматтарының кіруіне тыйым салынды.

<span>Головкин – Мурата жекпе-жегі 2022 жылы көктемде өтуі мүмкін. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или