Нұрмағанбеттің кезекті жекпе-жегі қашан өтеді
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой рингке келесі жекпе-жегі өтетін күн анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрмағанбеттің 24 желтоқсанда Мәскеуде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - аргентиналық Роландо Мансилья (17-9-1, 7 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Нұрмағанбеттің кейінгі кездесуі 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтті. Онда Бек мексикалық спортшы Бруно Сандовалды (21-5-1, 17 КО) нокаутпен жеңді.
Сондай-ақ қазан айында Бек Қазақстан құрамасы сапында Белградта өткен әлем чемпионатына қатысты, бірақ бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или