«Біз жартылай финалға шығуға лайықпыз». Новак Джокович – Дэвис кубогындағы Қазақстанға қарсы өткен матч туралы

«Біз жартылай финалға шығуға лайықпыз». Новак Джокович – Дэвис кубогындағы Қазақстанға қарсы өткен матч туралы

«Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Сербия құрамасы Дэвис кубогының жартылай финалына шығуына қатысты пікір білдірді. Ширек финалда сербтер Қазақстанды 2-1 есебімен жеңген, ал Джокович алдымен жекелей, кейін жұптық сында жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды <span class="s1">Prosports.kz.</span>

«Бәрінен де мен біздің жауынгерлік рухымызды мақтан тұтамын. Мен команданы мақтан тұтамын және біз жартылай финалға шығуға лайықпыз деп ойлаймын.

Командалық жарыстар маған әрқашан керемет эмоциялар береді. Әсіресе Дэвис кубогы, біздің спорт тарихындағы басты жарыс. Мен Сербия үшін өнер көрсетуге ынталымын», - деді Новак турнирдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или