Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Сербиядан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Сербиядан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының ширек финалында Сербиядан 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесуде Михаил Кукушкин Миомир Кецмановичті жеңіп, Қазақстанды алға шығарған. Кейін Александр Бублик Новак Джоковичтен жеңіліп қалған болатын. 

Шешуші матчта Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Николой Чачичем пен Новак Джокович дуэтіне жол берді. Кездесу 6:2, 2:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 39 минутта аяқталды.

Осылайша, Сербия құрамасы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или