Премьер-лигаға шыққан «Ақсудың» бапкерлік штабы толығымен ауысады

Премьер-лигаға шыққан «Ақсудың» бапкерлік штабы толығымен ауысады

Қазақстандық маман Марат Еслямов пен оның штабы «Ақсудан» кетеді. Жаңа басшылық басқа бапкер іздеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының клубы биыл Бірінші лигада топ жарып, Премьер-лигаға жолдама алған. Енді жоғары дивизионда «Ақсу» басшылығы тәжірибелі маман іздеп жатыр. Еслямов пен оның штабымен келісімшарт ұзартылмайды. 

Бас бапкерлер шорт-листінде «Мақтаарал» бас бапкері Константин Горовенко, Армения құрамасы мен «Тараздың» экс-бапкері Вардан Минасян бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или