Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир: Қазақстан еншісінде - 52 медаль

Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир: Қазақстан еншісінде - 52 медаль

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жалпы командалық есеп бойынша, Қазақстан қоржынында – 52, Тәжікстанда – 9, Өзбекстанда – 16, Қырғызстанда 1 медаль бар. </span>

<span>«Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде екі күн бойы өткен жарысқа барлығы 155 спортшы қатысты. Ел намысын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарынан юниорлар қорғады. </span>

<span>Олар жеңіл атлетиканың бірқатар дисциплинасында сынға түсті: 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергімен жүгіру, 200, 400, 800, 1500, 3000 метрге жүгіру, 3 000 метрге спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200 метр, 12 жеке түр + 1 эстафета және 4х200 метрге аралас эстафета.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или