Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының әлемдік тобының В тобындағы шешуші кездесуінде Канада құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-Канада текетіресінің соңғы матчында Александр Бублик Вашек Посписилді 6:2, 7:6 есебімен сенімді жеңді.

59 минутқа созылған матчта Александр Бублик екі қайталама қателік жіберіп, 14 эйс жасады.

Осылайша, финалдық турнир аясында Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет ширек финалға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын жерлестеріміз Швеция командасын 2:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или